Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне түсірілген бейнебаяны жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне түсірілген бейнебаяны жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне түсірілген бейнебаяны жарық көрді
ашық дереккөзі
50447
Әнші Димаш Құдайберген көпшілікке  «Zhalyn» жаңа әнінің музыкалық бейнебаянын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz Dimashnews сайтына сілтеме жасап. Қазақ тіліндегі «Zhalyn» әнін қазақстандық композитор Еділжан Ғаббасов Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жазған. Еділжан әнді жазуға шабыттың орындаушымен танысу кезінде пайда болғанын айтты.
««Zhalyn» әнін Димашпен 2020 жылы кездескен кезде жаздым. Өлеңнің әуенін жаза отырып, Димашқа әннің үзіндісін көрсеттім, содан кейін ол қайырмасын жазды», - деді ол.
Композитор бұл әнде туған жер, қазақ халқының рухын көрсете отырып, әуенге заманауи үн қосқанын жеткізді.
«Бала кезімде мен Стиви Уандер, Майкл Джексон сияқты әншілердің сапалы әуендерін көп тыңдап өстім. Бұл менің жеке шығармаларымды жазуда шабыт берді. Zhalyn әні үш бөліктен тұрады және екінші бөлігі маған өте қатты ұнайды, себебі онда Қазақ халқының рухы бейнеленген», - дейді Ғаббасов.
Әннің мәтінін EL ARNA телеарнасының продюсері, ақын Нұржан Асхатұлы жазған. Бейнебаянды қазақстандық режиссер Шыңғысхан Тәжікеев MOOD VIDEO жанрында түсірген.

Серіктес жаңалықтары