50226
Қазақстан тұрғын үй бағасы ең төмен 10 елдің қатарына енді
Қазақстан тұрғын үй бағасы ең төмен 10 елдің қатарына енді
Елімізде және әлемде бағаның біршама өскеніне қарамастан, Қазақстандағы тұрғын үй әлі де айтарлықтай арзан болып отыр. Numbeo мәліметтері бойынша, қала орталығындағы тұрғын үй құны бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан бағасы ең төмен 10 елдің қатарына кірді деп хабарлады turkystan.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде қала орталығындағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 927,2 АҚШ доллары болады. Бұл – рейтингідегі 106 елдің ішінде 10-орын. Қазақстаннан басқа ТМД-ның бірде-бір елі бағасы төмен 10 елдің қатарына кірмеген. Сектор бойынша үздік үштікке Пәкістан (бір шаршы метрі 585 АҚШ доллары), Египет (618,2 АҚШ доллары) және Венесуэла (672,1 АҚШ доллары) кірді.
ТМД-ның өзге елдері арасында Қазақстаннан басқа Молдовада (шаршы метрі 1047,9 АҚШ доллары) және Өзбекстанда (1083,4 АҚШ доллары) баға неғұрлым арзандау. Екі елде де халықтың табысы Қазақстанға қарағанда айтарлықтай төмен. Сондай-ақ Украинада (шаршы метрі 1181,9 АҚШ доллары), Әзербайжанда (1306,6 АҚШ доллары), Беларусьте (1629,1 АҚШ доллары), Арменияда (2228,1 АҚШ доллары) және Ресейде (шаршы метрі 3258,2 АҚШ доллары және 106-дан бірден 76-орында) тұрғын үй қымбат.
Шаршы метрі ең қымбат және тұрғын үйдің бағасы ең жоғары елдер – Гонконг, Сингапур және Оңтүстік Корея.