50295
2023 жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге бөлінеді – Қаржы министрі
2023 жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге бөлінеді – Қаржы министрі

2023-2025 жылдары республикалық бюджеттің негізгі үлесі әлеуметтік салаға бағытталады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бюджет шығыстарының құрылымын қарайтын болсақ, оның негізгі үлесі әлеуметтік салаға келеді. 2023 жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге көлемінде қаражат жоспарланды. Шығыстар зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, мәдениет және спортты дамытуға, жастарды ынталандыруға бағытталатын болады», - деді Ерұлан Жамаубаев.Министрдің айтуынша, экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2023 жылға 2,1 трлн теңге көзделді.
«Аталған бағыттың басымдықтары – өңдеу өнеркәсібін дамыту, аймақтарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру; кәсіпкерлікті, кіші және орта бизнесті дамыту және қолдау, көлік және газ тасымалдау жүйесін дамыту болып отыр», - дейді Қаржы министрі.Айта кетейік, Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасы еліміздің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.