«Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүйріктер қатысады. Жүлделі болған тұлпарлардың бапкерлеріне қаржылай сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ көрермендер арасында тегін ұтыс ойыны ойнатылады. Онда теледидар, телефондар, шаңсорғыш, смарт-сағат, мультиварка, планшет, велосипед және өзге де тұрмыстық техникалар ойнатылады», - делінген хабарламада.Турнир үш қашықтық бойынша өтеді: 24 шақырымға аламан бәйге, 11 шақырымға құнан бәйге және 17 шақырымға топ бәйге. Басталуы – 3 қыркүйек, сағат 12.00-де «Құлагер» ипподромында. Көрермендер үшін кіру тегін.
Павлодар қаласында бәйгеден ел чемпионаты өтеді

Павлодар қаласында бәйгеден ел чемпионаты өтеді
Бұл туралы Павлодар қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.