50248
Қазақстан мен Үндістан әскери саладағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Үндістан әскери саладағы ынтымақтастықты талқылады

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында Қазақстанның қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Үндістан қорғаныс ведомствосының басшысы Раджнатх Сингх екіжақты кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгерлік қызмет, кадр даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.
«Қорғаныс ведомстволарының басшылары екіжақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді», - делінген хабарламада.Айта кетсек, 24 тамызда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі басталды. Уuz.uz порталының мәліметінше, кеңеске ұйымға мүше елдердің және бақылаушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысып жатыр. Кеңес күн тәртібіне сәйкес, делегациялар әскери саладағы бірқатар мәселені талқылайтын болады. ШЫҰ қорғаныс министрлерінің бұған дейінгі кездесуі 2021 жылы 28 маусымда Тәжікстанда өтті.