Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты мәлімдеме жасады

Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты мәлімдеме жасады

Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50261
Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«16 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 қазанына дейін», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, 22 сәуірде Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты әрі ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған болатын. Қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Содан кейін Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары