Павлодарда полиция қызды кірпішпен ұрған ер адамға іздеу салды (ВИДЕО)

Павлодарда полиция қызды кірпішпен ұрған ер адамға іздеу салды (ВИДЕО)

Павлодарда полиция қызды кірпішпен ұрған ер адамға іздеу салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50301
Павлодар қаласының полициясы 20 жастағы қызды кірпішпен ұрған ер адамды іздеуге кірісті деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Қала тұрғыны кіреберісте есікті ашайын деп тұрғанда артынан ер адам жүгіріп келіп, кірпішпен бірнеше рет басынан ұрған. Ер адамның бет-әлпеті анық көрініп тұр. Қыз оны итеріп жіберген. Қылмыскер қашып кетті. Ресми мәліметке сәйкес, 21 тамызда түнгі сағат 01.10 шамасында Павлодар қаласының тұрғыны танысына қонаққа таксимен келген. Сол кезде белгісіз біреу оны кірпішпен ұрған. Зардап шеккен қыз түстен кейін ауруханаға барды. Оған "миы шайқалған" деген диагноз қойды. Қыз ауруханаға жатудан бас тартты. Ал екі күннен кейін 23 тамызда полицияға арыз түсірген. Қазіргі кезде бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұзақының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Полиция видеодағы ер адамды танығандарды 102-ге хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары