«24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады. Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады», - делінген болатын Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгін Мемлекет басшысы Әзербайжан еліне барады

Бүгін Мемлекет басшысы Әзербайжан еліне барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады деп хабарлады turkystan.kz.