50325
Қазақстанда бензин мен дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар
Қазақстанда бензин мен дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар

Энергетика министрлігі дәл қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өнімдерінің қанша қоры қалғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорды толықтыру процесі - тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.
Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлем - күн сайынғы қор.
«Күн сайынғы қор көрсеткіші - толықтырылып отыратын көлем саналатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар емес. Жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығын ерекше атап өтеміз», - деп мәлім етті ведомстводан.Министрлік ақпаратына сенсек, 23 тамыз сағат 18:00-ге дейін келіп түскен ақпарат бойынша, еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры - 183,3 мың тонна, ал дизель отынының қоры - 221,7 мың тонна.