50217
3 қалада ауа сапасы нашарлайды
3 қалада ауа сапасы нашарлайды
23 тамыз күні Қазақстанның бірнеше қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.