51929
Оқушылар 2022-2023 оқу жылында неше күн демалады?
Оқушылар 2022-2023 оқу жылында неше күн демалады?

Қазақстанда жаңа оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сондай-ақ тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған деп хабарлады turkystan.kz.
Жаңа оқу жылында:
Күзгі демалыс – 7 күн. 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда.
ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс – 9 күн. 31 желтоқсаннан бастап, 8 қаңтарды қоса алғанда.
Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі.
Көктемгі демалыс – 9 күн. 18 наурыздан бастап 26 наурызды қоса алғанда.
Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жалпы ұзақтығы – 92 күн.
Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.