50298
«Жасы келген боксшы»: америкалық журналист Қанат Исламға қатысты пікірін білдірді
«Жасы келген боксшы»: америкалық журналист Қанат Исламға қатысты пікірін білдірді

Америкалық Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейін Қанат Исламның (28-1, 22 КО) рингке оралуы - уақытты бекер жоғалту деп пікір білдірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.
«Қанат Ислам - жасы келген боксшы. Ол рейтингтің жоғары шектеріне жеткенше белсенді болды. Одан кейін ең маңызды сәтте тоқтап қалды. Оған - соңғы айқасындағы жеңілісі дәлел. Қанатқа бір-екі жекпе-жек өткізіп, статистикасын жақсартып, жанкүйерлерін қуанту керек шығар. Алайда титул үшін үлкен айқастарды ұмытса да болады. Ол мүмкіндігін жіберіп қойды. Енді оған промоутер немесе бапкерлікпен айналысып көру керек», - деді МакКаферри.