50271
Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды
Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды

Қызылорда облысында заңсыз қару сақтау фактілері анықталды деп хабарлады turkystan.kz.
Қызылорда полицейлері 13-14 тамыз күндері рейд жүргізу барысында заңсыз қару сақтаған үш фактіні анықтады.
«14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді», - деп мәлімдеді аймақтағы Полиция департаментінен.Аталған факті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.