50714
Түркітанушы ғалым Бабаш Әбілқасымұлы өмірден озды
Түркітанушы ғалым Бабаш Әбілқасымұлы өмірден озды

Ұлағатты ұстаз, түркітанушы ғалым, қазақ әдеби тілінің қалыптасуын зерттеушілердің бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Бабаш Әбілқасымұлы өмірден озды деп хабарлады turkystan.kz.
Бабаш Әбілқасымұлы 1931 жылдың 2 қарашасында Атырау (Гурьев) облысының Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық (бұрынғы Дуаберген) ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Новобогат кентіндегі Амангелді атындағы орта мектепті тәмамдаған соң еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған.
- 1953 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген.
- 1953-1958 жж. Новобогат ауданының Амангелді атындағы орта мектептің директоры, Гурьев облыстық партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі
- қызметін атқарады.
- 1958-1961 жылы Атырау педагогикалық институтының проректоры болады.
- 1961-1987 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы, аға, жетекші ғылыми қызметкері болады.
- 1987-1991 жж. Тіл білімі институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
- 1991-1996 жылы «Түркология және қазақ тілі тарихы» бөлімінің меңгерушісі болса, 1998 жылы бас ғылыми қызметкер болып істеді.