Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады

/
Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады
ашық дереккөзі
Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірқатар ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Шешім «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шығарылып отыр. Алматы облыстық әкімдік пен мәслихат ұсынып отырған атаулар:
  • Іле ауданының Энергетический ауылдық округі «Өтеген батыр» атауы;
  • Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы «Байкент» ауылдық округі және «Байкент» ауылы атауы;
  • Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы «Ақсай» ауылдық округі және «Ақсай» ауылы;
  • Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы «Кенен Әзірбаев» ауылы;
  • Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы «Жайнақ» ауылы;
  • Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы «Жібек жолы» ауылы.
Құжат жобасы порталда бүгін, 28 шілдеде пайда болды. Қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 11 тамызына дейін жалғаспақ.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары