50974
«Қазақстан халқына» қорының білім гранттарына қандай ЖОО-лар қатысады?
«Қазақстан халқына» қорының білім гранттарына қандай ЖОО-лар қатысады?

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдары тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан халқына» қорының ресми сайты: qazaqstanhalqyna.kz.
Аталған қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады.
Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай:
ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден:
- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар;
- жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;
- ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.