WBA Головкинді тағы бір қарсыласпен кездесуге міндеттеді

/
WBA Головкинді тағы бір қарсыласпен кездесуге міндеттеді
ашық дереккөзі
WBA Головкинді тағы бір қарсыласпен кездесуге міндеттеді Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жаңа қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) Головкинді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттеді. Badlefthook.com мәліметінше, Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек. Еске салсақ, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл оның жаңа салмақтағы дебюті болмақ.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары