50852
Ресейде 110 мыңнан аса компания жабылды
Ресейде 110 мыңнан аса компания жабылды

Ресейде 2022 жылдың наурызынан маусымына дейін 113,5 мың компания жабылды деп хабарлады turkystan.kz urbc.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға көп. Мұндай деректі FinExpertiza сарапшылары ұсынды.
Кәсіпорындардың шамамен 14,5%-ы (16,5 мың) меншік иелерінің қалауымен жабылды. 2,2%-ы (2,5 мың) банкрот болып, 1,4%-ы (1,6 мың) қайта құрылды.
«Ресей экономикасына жасалған санкциялар мен жалпы сұраныстың төмендеуі бизнестің дамуына қатты әсер етті. Кәсіпорындардың жаппай жабылуы бірінші кезекте салық органдарының мүлдем жұмыс істемейтін кәсіпорындарды тазартуымен байланысты болып отыр», - деп түсіндірді FinExpertiza басшысы Елена Трубникова.
Сонымен қатар, жаңа кәсіпорындардың ашылуы бұрынғы деңгейде қалды, яғни төрт айда 78,6 мыңды құрады. Алайда кәсіпорындар санының өсуі тек 13 өңірде ғана тіркелген.