50239
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Президенттің Жарлығы бойынша 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттарының сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды:
1) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;
2) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын бекіту туралы»;
3) «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлауда Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы».
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалғанын атап өтті.
Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.
Петровтың мәліметінше, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 83-бабына сәйкес Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Сенат депутаттарының кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Үш облыстың әрқайсысынан 2 депутат сайланады: олардың біреуі – 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне; екіншісі – 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне сайланады.
Конституцияға сәйкес, 30 жасқа толған және ел аумағында соңғы 10 жылда және тиісті облыс аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы сайлауға түсе алады. Сондай-ақ үміткердің жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.
Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды.
Отырыста Ортсайлауком 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқанының келесі кезеңдері анықталды:
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты Ортсайлауком «2022 жылғы 24 тамызға тағайындалған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы» қаулы қабылдады.
Қаулыда кандидаттың: теледидар мен радио бойынша бағдарламаларымен сөз сөйлеуіне, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға - 350 000 теңге сомасында; сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 70 000 теңге сомасында; көлік шығыстарына - 80 000 теңге сомасында шығыстар мөлшері белгіленген.


- Кандидаттарды ұсыну – 2022 жылғы 13 шілдеден бастап 30 шілде сағат 18-ге дейін.
- Тіркеу – 2022 жылғы 3 тамыз сағат 18.00-ге дейін.
- Сайлау алдындағы үгіт – 2022 жылғы 3 тамыз сағат 18.00-ден бастап 23 тамыз сағат 00.00-ге дейін.
- Тыныштық күні – 2022 жылғы 23 тамыз.
- Дауыс беру күні – 2022 жылғы 24 тамыз.
