Головкин әлемдегі үздік боксшылар тізімінде 15-орынға ілікті

Головкин әлемдегі үздік боксшылар тізімінде 15-орынға ілікті

Головкин әлемдегі үздік боксшылар тізімінде 15-орынға ілікті
ашық дереккөзі
50225
Танымал World Boxing News басылымы ең мықты деген 50 боксшының тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл - салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтинг. Жаңартылған нұсқада алдыңғы үштік өзгермеді. Топ басында украиналық Александр Усик тұр. Екінші орында жапон боксшысы Наоя Иноуэ болса, одан кейін мексикалық Сауль Альварес орналасты. Ал қазақстанық Геннадий Головкин 15-орынға тұрақтады. Айта кетсек, 2 айдан кейін Головкин мен Альварес Лас-Вегас қаласында үшінші кездесуін өткізеді. Қазірдің өзінде бокс кешінің билеттері сатылымға шығарылды. WBN басылымы ұсынған әлемдегі ТОП-15 үздік боксшы:
  1. Александр Усик (Украина)
  2. Наоя Иноуэ (Жапония)
  3. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
  4. Эррол Спенс (АҚШ)
  5. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
  6. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
  7. Дмитрий Бивол (Ресей)
  8. Дэвин Хейни (АҚШ)
  9. Джермелл Чарло (АҚШ)
  10. Роман Гонсалес (Никарагуа)
  11. Джервонта Дэвис (АҚШ)
  12. Василий Ломаченко (Украина)
  13. Хуан Эстрада (Мексика)
  14. Шакур Стивенсон (АҚШ)
  15. Геннадий Головкин (Қазақстан)

Серіктес жаңалықтары