50415
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болып, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.