Алтай Көлгінов қала күнімен құттықтады

Алтай Көлгінов қала күнімен құттықтады

Алтай Көлгінов қала күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
50623
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала күнімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Сіздерді астана күнімен құттықтаймын! Елордамыздың дамуы қаланың әрбір тұрғынына байланысты, әрқайсысыңыз осы ортақ іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Бас қаламыз әлі де жайлы, ыңғайлы бола түсуі үшін бірқатар жүйелі проблемалардың шешімін табу жолында жұмыс жүріп жатыр. Атап айтқанда, инженерлік және жол инфрақұрылымын жүргізу, әлеуметтік және спорттық нысандар салу, елді мекендерді дамыту, аудандарды абаттандыру жұмысы», - деді ол.
Қала әкімі шілде айы басталғалы бері қаламызда концерттен бастап спорт фестиваліне дейінгі көптеген жоспарлы іс-шаралар өтіп жатқанын атап өтті.
«Елорда күнінде, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлініп, тұрғын үй кезегін күткендерге, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілті табысталып жатыр. Сол сияқты, бірқатар әлеуметтік нысандардың, 100-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысы аяқталуға жақын, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылса, күрделі жөндеуден кейін «Алаш» көпірі ашылды. Баршаңызды елордамыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрбіріңізге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін», - деді Көлгінов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Серіктес жаңалықтары