«Ол кеше сағат 23 шамасында қайтыс болды. Бұл оның бүкіл отбасы үшін, NNPC, ОПЕК және жаһандық энергетикалық қоғамдастық үшін үлкен қайғы», — деп атап өтті Чиари.Айта кетсек, Баркиндо 2016 жылдың тамыз айынан бастап ОПЕК-тің бас хатшысы болды. Сонымен қатар 15 жыл бойы ол Нигериядан ОПЕК экономикалық комиссиясының мүшесі болған және NNPC-де 23 жыл жұмыс істеді.
ОПЕК-тің бас хатшысы қайтыс болды

ОПЕК-тің бас хатшысы қайтыс болды
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Мұхаммед Сануси Баркиндо 63 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Twitter-де Нигерия ұлттық мұнай корпорациясының (NNPC) басшысы Маллам Меле Чиари айтты.