«Жалпы, өткен жылы Ұлттық домбыра күнінде «Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран» атты күйшілер флешмобын ұйымдастырған болатынбыз. Қазақ үшін қасиетті мекен болып есептелетін көне шаһарда өткен шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, талай ғасыр бойы сырын ішіне сақтаған Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау еді. Биыл да бұл іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Эстафета аясында алған домбыраны мектеп басшыларына табыстаймыз. Әр мектепте аталған акцияны жалғастырып, ұлттық аспапты ұлықтаймыз», - дейді Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибеков.Айта кетсек, аталған акция Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың ұсынысымен қолға алынды. Ол ауданға келген сапарында ұстаздармен кездескен халық қалаулысы ұлттық аспапты ұлықтау жөнінде ой тастаған еді. Идеяны құп көрген Састөбе ауылының А. Макаренко атындағы мектебінің түлектері акцияны алғаш болып өткізді.

Ақтөбе қаласы, №78 жалпы орта білім беретін гимназиясы
11 «А» сынып оқушысы Бабажанова Құралай