50236
Қазақстан «Сары» аймаққа өтсе қандай шаралар қолданылады?
Қазақстан «Сары» аймаққа өтсе қандай шаралар қолданылады?

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният маусым айының ортасынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өскенін мәлімдеді.
Хабарламада өткен аптамен салыстырғанда коронавирус жұқтыру 2,9 есеге артқаны және 6 ай бұрын вакцинацияланғандар мен мүлдем вакцина салдырмағандардың 80%-ына дейін жұқтырғаны айтылады.
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырудың өсуін ескере отырып, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия облыс эпидемиологиялық қауіптің «сары» аймағына өткен жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмысқа ауыстыру;
- COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді онлайн жұмысқа ауыстыру;
- жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу;
- 10 адамнан асатын жиындарды онлайн форматқа көшіру ұсынылады.