Тоқаев Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады

Тоқаев Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы осы аптада қандай іс-шараларға қатысатынын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;
29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;
30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді» делінген Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасында.