«Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Уланғандардың бәрінде дене қызуының температурасы 40-қа дейін көтеріліп, іш өту сипмтомдары болған», – деді облыстық Санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Әлия Бекешева.
«1 жасар сәби де бар»: Атырауда 10 адам уланып қалды

«1 жасар сәби де бар»: Атырауда 10 адам уланып қалды
Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9-ы ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Уланғандар қаладағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындардың арасында 1 жасар сәби де бар. Дәрігерлер қазір науқастардың жағдайы орташа екенін айтты.
Болған жағдайға қатысты қалалық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатты.