50318
«АрселорМиттал Теміртау» цехында жұмысшылар үйінді астында қалды
«АрселорМиттал Теміртау» цехында жұмысшылар үйінді астында қалды
«АрселорМиттал Теміртау» цехтарының бірінде металлургиялық пешті жөндеп жатқан 5 жұмысшыны топырақ басып қалды деп хабарлады turkystan.kz.
«10 маусымда «Құрылысмет» ЖШС («АМТ» АҚ еншілес кәсіпорны) мастер-пресс цехының жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінде отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлаған. «Пеш күмбезінің құлауынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық пештерді жөндеу цехының 5 маманы үйінді астында қалды. Оларды шығару жұмысы жалғасып жатыр», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Қаза болғандар саны әзірге белгісіз.