«Әлсіз топтың өмірі қазірдің өзінде азық-түлік тапшылығы салдарынан қыл үстінде тұр. Біз аштықтың басталғанын жариялау үшін күтіп отыра алмаймыз, әрекет ету керек», - деді БҰҰ-ның Сомалидегі өкілі Эль-Хидир Далум.БҰҰ агенттігі 7,1 млн сомалийлік немесе ел тұрғындарының тең жартысы тамақ тапшылығын қатты сезініп отырғанын айтты. Олардың деректеріне сүйенсек, Сомалиде былтырғы құрғақшылықтың кесірінен 3 млн мал басы қырылып қалған. Одан бөлек, елде жаңбыр маусымында жауын-шашын жаумай тұр. БҰҰ гуманитарлық әрекет ету жоспары биыл тек 18%-ға ғана қаржыландырылған. Сомалиден бөлек, әлемде төтенше жағдайға тап болып, «ыстық нүкте» болып саналатын, қаржыландыруға мұқтаж басқа да мемлекеттер бар.
БҰҰ аштық болуы мүмкін екенін ескертті

БҰҰ аштық болуы мүмкін екенін ескертті
БҰҰ Сомалиге аштық қатері төніп тұрғанын айтты. Оған жауын-шашынның болмауы мен азық-түлік бағасының өсуі себеп болуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
213 мың сомалийлыққа аштық қатері төніп тұр. Бұл сәуір айындағы болжамнан 3 есеге көп.