Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50926
6 маусым күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БАҚ-қа берген сұхбатында мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министр мектептерде орамал тағу мәселесі тек біздің елде ғана емес, басқа да бірнеше елде жиі талқыланып келе жатқанын айтты.
«Бірақ, Қазақстан – зайырлы мемлекет және мектеп те зайырлы мекеме. 2016 жылы қабылданған бұйрықта талаптар көрсетілген. Дегенмен әртүрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, басына орамал тағу мүмкіндігі болмағандықтан ата-анасы сабаққа жібермейтін қыздардың мәселесін алып қарауға болады. Осындай себептерге байланысты балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, онда ол кері әсерін тигізеді. Жалпы, біз инклюзивті қоғам болуымыз керек», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары