Мәсімовті тапқан адамға 12 млн теңге беріледі – Антикор

Мәсімовті тапқан адамға 12 млн теңге беріледі – Антикор

Мәсімовті тапқан адамға 12 млн теңге беріледі – Антикор
ашық дереккөзі
50263
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1973 жылы туған Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті тапқан адамға 12 миллион ​​теңге беріледі деп хабарлады turkystan.kz. Антикор өкілдері іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұрады. call-центр 1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808 Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.  

Серіктес жаңалықтары