Қазақстанда коронавирустың жаңа жағдайлары тіркелді

Қазақстанда коронавирустың жаңа жағдайлары тіркелді
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше, өткен бір тәулікте коронавирустың расталған 5 жағдайы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz.
Індетті Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында 4 адам жұқтырды.
Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 760 адамнан анықталды.
Айта кетсек, 31 мамыр күнгі бір тәулікте де елімізде коронавирустың 5 жағдайы тіркелген болатын: Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Алматы қаласында – 2 адам.