Жамбылдық шенеунік 18 жыл бұрынғы қылмысы үшін 9 жылға сотталды

Жамбылдық шенеунік 18 жыл бұрынғы қылмысы үшін 9 жылға сотталды

Жамбылдық шенеунік 18 жыл бұрынғы қылмысы үшін 9 жылға сотталды
ашық дереккөзі
50388

Жиырма жылға жуық мемлекет мүлкін туыстарына тегін таратып келген жамбылдық шенеунік 9 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының бұрынғы директоры жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін заңсыз саудалаған.

Прокурорлар экс-шендінің қылмысын 18 жылдан кейін ғана анықтаған. Шенеунік бұл әрекеті үшін тоғыз жылға түрмеге қамалды. 

«Биыл 6 мамыр Тараз қаласындағы №2 cотымен Бақтыбаевтың қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша кінәсі дәлелденіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар прокурорлардың талап-арыздары негізінде атаулы объектілер сот шешімімен мемлекетке қайтарылды», – дейді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Сержан Әбдіқұлов. 

Серіктес жаңалықтары