50285
Түркіменстан мен Қырғыз елінде ресейлік телеарналар хабар таратпайтын болды
Түркіменстан мен Қырғыз елінде ресейлік телеарналар хабар таратпайтын болды
Батыстың Ресейге салған санкцияларына байланысты Түркіменстан мен Қырғыз елінде ресейлік «Россия-1» мен «Звезда» телеарналарының хабар таратуына тыйым салынды деп хабарлады turkystan.kz interfax.ru сайтына сілтеме жасап.
Түркіменстан елдегі ірі лицензияланған байланыс операторы «Ашхабад қалалық телефон желісі» ЖАҚ таратқан ресейлік «Россия-1» және «Звезда» телеарналарының хабар таратуын тоқтатты. Оператор жақын арада резервтік трансляцияны ұйымдастыруға уәде берді.
Бұған дейін жұма күні кейбір ресейлік телеарналар Қырғызстанда да уақытша жабылғаны белгілі болды. Онда «Россия-24», «Россия культура» және «Звезда» арналарының хабар таратуы тоқтатылған.
«Бірқатар елдерде жалпыресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулердің қабылдануына байланысты ВГТРК холдингіне қарасты телеарналарының трансляциясы халықаралық спутниктерде біржақты түрде бұғатталды», - деп хабарлады Қырғызстанның «Акнет» телекоммуникациялық компаниясы өз сайтында.Қазіргі уақытта тұрақты сигнал үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
«Телеарна операторы жағындағы жұмыстар аяқтала салысымен, хабарды көруге болады», - деді «Акнет» компаниясы.Сондай-ақ, «Бірінші арна», RenTV, NTV, STS, TNT, Che, Match және басқа да бірқатар ресейлік телеарналарды көрсету жалғасуда.