«Бұл өнер туындыларының символдық мәні зор. Жас сарбаздың тұлғасынан халқымыздың өрлігі мен батылдығын тануға болады. Ал баласын құшақтап тұрған ана бейнесі бейбітшілікті, жасампаздықты және өмірдің жалғасатынын білдіреді», - делінген хабарламада.
Ақорданың ішіндегі ерекше ескерткіштер туралы мәлімет жарияланды (ВИДЕО)

Ақорданың ішіндегі ерекше ескерткіштер туралы мәлімет жарияланды (ВИДЕО)
БОРТ N1 Telegram-каналында «Ақорда» резиденциясының орталық холына ерекше көрік беріп тұрған «Отан қорғаушы» және «Отбасын сақтаушы» ескерткіштері туралы мәлімет ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz.
Мүсіндердің авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Ерболат Төлепбай. Оларды алтын мен күмісті араластыра отырып, қола мен алюминийден құйған.