Бiшкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті (ВИДЕО)

Бiшкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті (ВИДЕО)

Бiшкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50217
Қазақстан Президенті Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қырғыз Республикасы астанасындағы «Театр» гүлзарының орталық аллеясына қойылған Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.  width= Тоқаев бұл күнді қазақ пен қырғыздың рухани өміріндегі ерекше күн ретінде бағалап, Бішкек төрінде Абай ескерткішінің бой көтеруін қырғыз елінің қазақ халқына деген айрықша құрметінің белгісі екенін айтты. Сондай-ақ осы игі бастамаға қолдау көрсеткені үшін Садыр Жапаровқа зор ризашылығын білдіріп, бұл қадам Алатаудың бөктерін қатар жайлаған екі елдің бауырластығын бекемдей түсетінін айтты.
«Ағайын елдердің тамырластығын кезінде Абай да айтқан. Ұлы ақын қазақтың тарихына тоқталған кезде қырғыз бауырларды ерекше атап өткен. Ол «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген. Шын мәнінде, екі ұлттың тегі мен тілі бір, жүрегі мен тілегі бір. Айыр қалпақты ағайынға біздің ықыласымыз қашанда ерекше. Көп ұзамай елімізде Манас ескерткіші бой көтереді. Бұл есім қазақ арасында өте танымал. Әйгілі Манасқа құрметіміз ерекше. Манастану ғылымының негізін қалаған Шоқан Уәлиханов екенін еске салғым келеді. «Манас» жырының тағдыры тартысқа түскен кезде оған Мұхтар Әуезов араша түскенін білеміз», – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев осының бәрін бір-бірімізге деген жанашырлық пен тілектестіктің көрінісі деп атап өтіп, екі елдің бауырластығы мен достығы ешқашан мызғымайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ Президент қырғыз халқына бақ-береке тіледі.  width= Садыр Жапаров сөйлеген сөзінде осы күнді қырғыз-қазақ үшін маңызды күн деп атап өтті.
«Философ, гуманист тұлға, қазақтың ұлы ақыны Абайға Бішкек қаласында қойылған ескерткіштің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Екі елге ортақ тұлғаға дипломатиямыздың 30 жылдығы қарсаңында құрмет көрсетіліп отырғаны – ерекше оқиға. Жазда жайлауы, қыста қыстауы қоңсы қонған екі халықтың рухани әлемінің жақындығын Абай мен Тоқтоғұлдың, Мұхтар мен Шыңғыстың мұралары көрсетіп келеді. Абайдың 175 жылдығы кезінде Ұлттық кітапханадан арнайы мәдени бұрыш ашылғанын да еске салғым келеді. Біздің бауырлас қазақ халқымен достығымыз барлық салада дами беретініне сенемін», – деді Қырғыз елінің Президенті.

Серіктес жаңалықтары