Жамбылда полицейлер 4 қару, 40 патрон және граната тапты

Жамбылда полицейлер 4 қару, 40 патрон және граната тапты

Жамбылда полицейлер 4 қару, 40 патрон және граната тапты
ашық дереккөзі
50315
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция облыс орталығының аумағында 4  қару, 2 граната, патрон, электрошокер, штык-пышақ тауып, тәркіледі.
«Табылған қарулар арасында оқжатары  бар Калашников автоматы, «ТОЗ-БМ» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтығы, «EKOL Special 99» маркалы травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, «ГСЗ» маркалы 2 граната, «ЭШУ-200» 2 электршокері, штык-пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің  287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың табылғаны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқықбұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Серіктес жаңалықтары