50550
Түркістанда құжатсыз көлік жүргізген түлектер ұсталды
Түркістанда құжатсыз көлік жүргізген түлектер ұсталды
Бүгін Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы рейдтік шарасы кезінде құжатсыз көлік жүргізген 3 мектеп бітіруші түлек ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Кәмелет жасына толмаған мектеп бітірушілер құжатсыз автокөлік жүргізген, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Жасөспірімдер айдаған екі көлік ресейлік нөмірмен болған», – делінген хабарламада.Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік айдаған 2 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жауапқа тартылды. Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды. «Соңғы қоңырау» күніне арналған арнайы рейдтік шара түнгі мезгілде де жалғасады.