Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын 270 метрлік құпия туннель табылды (ВИДЕО)
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ош облысында Өзбекстанға апаратын құпия туннельді тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы жерасты туннелі анықталды.
Комитет мәліметінше, жедел-тергеу шаралары барысында жеке үй аумағында 270 метрлік жерасты өткелі табылған.
«Оның тереңдігі – 15 метр. Туннельге кіру – 1,8 метр, ені – 1,5 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейін 40 метр», – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде туннель анықталған учаскенің иесіне қатысты тергеу жүргізу жоспарланып отыр.
«Жердің иесі Жалал-Абад облысы Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында болуына байланысты оның ақыл-есінің кемдігіне қайта зерттеу жүргізіледі», – деп жазылған хабарламада.