«Nissan Cefiro автокөлігі Алматы облысы Текелі қаласынан Қалбатау ауылына қарай келе жатқан. Тас жолдың 959-шақырымында 36 жастағы көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, «Беларус 82,1» тракторының тіркемесіне соғылған», – делінген полиция хабарламасында.Салдарынан оқиға орнында 36 жастағы жүргізуші мен 4 жолаушы тіл тартпастан жан тапсырды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша тергеу бастады.
Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
22 мамыр күні Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік апаттан 5 адам көз жұмды. Жол апаты нақты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында болған деп хабарлады turkystan.kz.
Полицияның мәліметінше, жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп трактордың тіркемесіне соғылған.