Зейнеткерлерге автонесие берілмейді

Зейнеткерлерге автонесие берілмейді

Зейнеткерлерге автонесие берілмейді
ашық дереккөзі
«Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитова жеңілдетілген автонесиелендіру жобасының қайта жандауына байланысты өткен брифингіде 4 пайыздық автонесие зейнеткерлерге берілмейтінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінде зейнет жасының аясында белгілі бір кезең бар және несие беру зейнет жасына дейін ғана көзделеді», - деді банк өкілі.
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды. Бұл жобаға қатысатын 4 екінші деңгейлі банк анықталды. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және “Еуразиялық банк». Банктердің қатары әлі де кеңеюі мүмкін.