«Референдум нәтижесінде Конституцияның 33 бабы бойынша 56 өзгеріс енгізілмек. Егер оның әрқайсысын жеке сауал ретінде қарастырсақ, әр азаматқа жеке 56 бюллетень керек. Яғни, әр азамат 56 бюллетеньді оқып, бөлек-бөлек дауыс беруіне тура келеді. Бюллетеньде 1 ғана сауал болудың себебі, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бір-бірімен тығыз байланысты және ұқсас. Егер азамат бір өзгеріске қарсы шықса, ол екінші өзгеріске әсерін тигізеді. Ал енгізілмек өзгерістер бір-бірімен ұштасып жатыр», - деді Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтарды референдумға белсенді қатысып, ел тағдыры үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақырды.
Референдум: Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі

Референдум: Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі
Конституцияға барлығы 56 өзгеріс енгізілгелі отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты деп хабарлады turkystan.kz.