50701
Президенттің жеке фотографтары таныстырылды
Президенттің жеке фотографтары таныстырылды

БОРТ N1 телеграм арнасы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандардан түсіп жатқан сауалдарға байланысты фотолар мен видеоларды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарын таныстырды деп хабарлады turkystan.kz.
Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді
Тағы бір жеке фотограф, ол - 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды.
Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған – Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ.


