50341
Молдова Украинаға көмек беруден бас тартты
Молдова Украинаға көмек беруден бас тартты

Молдова парламентінің спикері Игорь Гросу Киевке сапары кезінде украиналық әріптесі Руслан Стефанчукқа Украинаға әскери көмек көрсетуден бас тартатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының баспасөз хатшысы Адриана Влас мәлімдеді.
«Парламент спикері Молдованың бейтараптық мәртебесіне сәйкес, ел басқа елдерде әскери техниканы орналастыра алмайтынын айтты», - деді ол.Стефанчук Гросудан Молдованың МиГ-29 ұшағын Украинаға беруді сұрағаны белгілі болды. Сондай-ақ, Молдова парламентінің спикері Кишиневтің жергілікті халқы өзін қауіпсіз сезінуі үшін қауіпті аумақтарды тазартуға саперлар жіберуге дайын екенін айтты.