50391
«Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін негізгі заңнан алып тастау туралы ұсыныс жіберілді» – Бәшімов
«Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін негізгі заңнан алып тастау туралы ұсыныс жіберілді» – Бәшімов
Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа қоғамда сындарлы түрде талқыланып жатқанын айтады. Жұртшылық конституциялық реформаның барлық тармақтарын, соның ішінде Тұңғыш Президентке қатысты жекелеген нормаларды Конституциядан алып тастау туралы түзетулерді де зерделеп жатыр.
«91-баптағы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Тұңғыш Президент мәртебесінің өзгермейтіндігі туралы норманың сақталуы да қоғамда айтарлықтай қарсылық тудырып жатыр. Сондықтан Конституцияға түзетулер жобасын әзірлеген жұмыс тобының кейбір мүшелері Мемлекет басшысына Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін негізгі заңнан алып тастау туралы ұсыныс жіберді. Бұл тарихи деректің өзі заңдық тұрғыдан айрықшалап бекітуді талап етпейді», – деді сарапшы әлеуметтік желідегі парақшасында.Ол жұмыс тобы мүшелерінің пікірі ескеріліп, түзетулер жобасына сәйкес, Тұңғыш Президент пен оның мәртебесі, өкілеттігі туралы барлық нормалар Конституциядан толық алынатынын да жеткізген. Бұл жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның демократиялық бағытын тағы да айғақтай түседі. Мемлекет басшысы сөз жүзінде емес, іс жүзінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына берік екенін растады.