50616
Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті
Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті
Павлодарда ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 10.35-те ЖШС-нің бірінің 36 жастағы жұмысшысы Нұрмағамбетов Минин көшелерінің қиылысында жол жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық битумы бар шелекті аударып, бір тамшысы бетіне тамып кеткен.
«37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалды. Күйік шалған аумақ 2-3% құрайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ем қабылдауда», - деді Денсаулық сақтау басқармасында.Облыстық Еңбек басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін хабарлады. Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда.