«Балалар жылы»: Шымкентте қазақ күресінен республикалық чемпионат өтті

«Балалар жылы»: Шымкентте қазақ күресінен республикалық чемпионат өтті

«Балалар жылы»: Шымкентте қазақ күресінен республикалық чемпионат өтті
ашық дереккөзі
50855
«Балалар жылы» аясында Шымкент қаласында қазақ күресінен 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер мен 2007-2008 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті деп хабарлады turkystan.kz. Біріншілікке 14 облыс пен 3 қаладан 1000-ға жуық балуан қатысты. Атап айтқанда, кіші жасөспірімдер сайысында - 454, ал жасөспірімдер сынында 583 жас балуан 9 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Жарысты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Ол «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы, бұл - біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті. Биылғы біріншілікке қатысып жатқан балғындар Президенттің сенімінен шығып, шыдамдылық пен ептіліктің арқасында биік шыңдарды бағындыра алады деп ойлаймын», – деді Мақсұт Пернебайұлы.
Ал Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Ербол Мырзабосынов бүгінгі таңда ұлттық күрестің дамуы барысына тоқталып, бұл жарыстың маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі таңда қазақ күресі елімізде, оның ішінде оңтүстік аймақтарда белсенді дамуда. Өзінің ежелгі және берік күрес дәстүрімен танылған Шымкент қаласында бұл жарыстың өтуінің негізгі себебі де осы. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту қажеттігін аз айтқан жоқ. Еліміздің барлық жерлерінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді, спортпен белсенді айналысатын адамдар көбейді. Ең бастысы, салауатты өмір салтының мәдениеті қалыптасып жатыр. Оқу мен салауатты өмір салтын қатар алып жүрген спортшыларға ымырасыз күресте сәттілік тілеймін!», – деді Ербол Қуантайұлы.
Жабық жеңіл атлетикалық манеж спорт кешенінде өткен жарыстың қорытындысы: қазақ күрес 2007-2008 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында Ғалымжан Бекберге, Саят Балғабай, Ернұр Батырғали, Шерхан Асқарбек, Мағжан Сұлтания, Ердәулет Абдумуталипов, Темірлан Мәуленқұл, Дастан Әшімов, Әлішер Слямжанов, Шыңғыс Ержанұлы чемпион атанды. 2005-2006 жылғы жастар арасында барлық белдесулерде қарсыласынан басым түскендер бар. Ұлдар арасында Азамат Әмірхан, Олжас Жоспар, Дәуірсейітхан Темірхан, Шахнияз Ағыбаев және Сардар Әбдісамитұлы жеңіске жетті. 2005-2006 жылғы қыздардың нәтижесі: Сабина, Құндыз Алмағанбетова, Гүлхан Шыңғысхан, Нұрай Бақыт, Ботагөз Әділханова, Маулития Әлембекқызы, Зарина Мұрадасыл, Аниса Ибатолла өз салмақтарында жеңіске жетті.  width= Жарысты ұйымдастырғандар – Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Qazaq kuresi Ассоциациясы, Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Серіктес жаңалықтары