Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
50390
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында жаңа қала әкімін таныстырды деп хабарлады turkystan.kz. Жиында аймақ басшысы қала әкімі қызметін атқарған Ғанибек Қазантаевтың өз өтінішіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімі лауазымынан босатылғанын хабарлап, әріптесіне қаланың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді және Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстады. Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Асылбек Шәменов тағайындалды. Шәменов Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған. 2007-2012 жылдары облыстық мемлекеттік Сәулет-құрылыс бақылау және энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған. 2012-2018 жылдары Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді. 2020 жылдың наурыз айынан Жалағаш ауданы әкімі қызметінде болды.

Серіктес жаңалықтары