Түркістан облысында 100-ге келген әже жаңа төлқұжатын рәсімдеді

Түркістан облысында 100-ге келген әже жаңа төлқұжатын рәсімдеді

Түркістан облысында 100-ге келген әже жаңа төлқұжатын рәсімдеді
ашық дереккөзі
50557
Түркістан облысының полиция қызметкерлері 100 жастағы әженің жеке куәлігін рәсімдеп берді  деп жазды turkystan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне 100 жастағы әже жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетуіне байланысты өтініш білдірген. Бұндай сирек жағдаймен алғаш кездескен көші-қон қызметкерлері шұғыл түрде кейуананың құжаттарын дайындауға кірісті. Нәтижесінде, Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі тобының инспекторы Қуаныш Түймебеков Аққұм ауылының тұрғыны Ұлту Үстенованың құжаттарын тез арада әзірлеп, дайын бола салысымен үйіне апарып берді.
 «Мен жеке куәлігімнің мерзімі өткенін айтып, өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Олар мені еш жерге әурелемей, өздері үйге келіп, құжаттарымды қайта жаңартуға көмектесті. Жасымды сыйлады. Үлкенді құрметтей білген қазақ ұрпақтары жасай берсін», – деді қарт әже.

Серіктес жаңалықтары