252
Тәуелсіздік тойы тойланды -25 жыл
Тәуелсіздік тойы тойланды -25 жыл
2016 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Исі қазақ тойлап жатқан Тәуелсіздік мерекесіне арналған жиында елімізде акредиттелген шетел елшілері мен Парламенттің қос палатасынан келген қонақтар бас қосты.
Салтанатты шара музей директорының құттықтауымен басталды. Жиынға қатысқан барша меймандарға алғыс білдірген Дархан Мыңбай: «Қазақстан – өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі 25 жыл ішінде мемлекеттік құрылымның барлық саласын нығайтып, елдік мұратын айқындап, халықаралық аренада саяси және экономикалық батыл қадамдарының нәтижесінде танылған жас мемлекет. Біз тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына енді қадам жасап отырсақ та, «Ұлы дала елі» болуды мақсат тұтқан, мұраты биік халықпыз. Алайда біз үшін тәуелсіздіктің 25 жылдығы ерекше маңыз беретін тарихи жыл. Осы уақыт аралығында тәуелсіз Қазақстанның буыны бекіп, бұғанасы қатайды. Еліміз оңы мен солын танып, бағыты мен бағдарын айқындады», – деп азаттық алған ширек ғасырдың қазақ елі үшін қаншалықты құнды екенін атап өтті.
[gallery link="file" size="medium" td_select_gallery_slide="slide" ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzE5ODIuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMTk4MiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzE5OTYuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMTk5NiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzIxMjUuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMjEyNSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzIxMzQuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMjEzNCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzIwNzcuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMjA3NyIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzE4MzcuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMTgzNyIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzE4MzQuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMTgzNCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzE4MTEuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMTgxMSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE2XC8xMlwvRDRTXzE4MTAuanBnIiwidGl0bGUiOiJkNHNfMTgxMCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"]
Мерекелік кешті Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті әнмен әрледі. Қазақ өнерін әлемдік деңгейде танытып жүрген аталмыш квартет қонақтарды Құрманғазы, Тәттімбеттің күйлерімен тәнті етті. Сонымен қатар өнер ұжымының аэрофония атты саз технологиясымен соңғы үлгіде жазылған екі бірдей үнтаспасының таныстырылымы өтіп, қонақтарға сыйға тартылды. Ғазиза Жұбанова атындағы квартетке қолдау білдіріп жүрген Швейцариядағы «DIVOX» дыбыс жазу компаниясының президенті Вольфрам Бургертте қонақтарды еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына «музыка өнері» тарапынан қолғабыс көрсету мен үшін үлкен мәртебе болып табылады. Сол себептен, бүгінгі барлық алғыс сөздер тек сіздерге арналады. Біріншіден, осы іс-шараны ұйымдастырып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің директоры Дархан Мынбайға ерекше ризашылығымды білдіремін», – деді Вольфрам Бургерт мырза.
Салтанатты жиынның соңы музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап ұйымдастырған «25 Ұлттық тағамның таныстырылымы мен дәм татыру» рәсіміне ұласты. Айта кетерлік бір жайт, таныстырылған 25 тағамның басым көпшілігі бүгінде ұмыт бола бастаған. Бұл рәсімді жасаудағы басты мақсат қазақтың дәстүрлі тағамдарын тереңірек зерттеп, күнделікті қолданысқа енгізу.
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов: «Құрметті ағайын! Бүгінгі ұсынылып отырған тағамдарға тек ас ретінде қарау мүлдем қате. Өйткені, бұл тағамдар біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мәдениетінің көрінісі. Қазақтың ескідегі салтын көрсететін, өмір сүру мәдениетін көрсететін дүниелер», - деді.
«Быламық», «Ағлан», «Жаужүрек», «Үлпершек», «Өрметөс» сынды қазақтың бірегей ұлттық тағамдары, әсіресе, шетелдік елшіліктердің қызметкерлерін қатты қызықтырды. Еліміздегі Болгария мемлекетінің елшісі Васил Петков: «Сіздердің тағамдарыңыз еуропа тағамдарына мүлдем ұқсамайды. Еуропа жеміс-жидекті жақсы көрсе, сіздердің барлық тамақтарыңыз етпен байланысты. Және жер бетіндегі етті пісірудің әртүрлі жолын сіздерден асырып ешкім білмейтін шығар», – деп, шын таңқалысын аңғартты.
Досжан ЫСҚАҚ, ҚР Ұлттық музейі Жұртшылықпен
байланыс бөлімінің қызметкері